BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада «БІЗДІҢ ЕЛ ОСЫНДАЙ!» атты республикалық ақындар айтысты өтеді

 АСТАНА. 7 желтоқсан. BAQ.KZ - Бұл айтыс бұрынғыдан өзгерек. Тәуелсіздік мерекесіне орай мемлекеттік тұрғыда ұйымдастырылып отырған бұл айтыстың Бас жүлдесіне «Алтын домбыра» тігілмек,- деп хабарлайды kazaitys.kz.

Айтысқа қатысатын ақындар да бұдан бұрынғы облыстарда өткен айтыстарда сараланып алынған көрінеді. Бұған байланысты әйгілі айтыс ақыны Аманжол Әлтаев былай дейді: «Бұрынғы айтыс пен бүгінгі айтысты саралағанда ойға оралары – тәуелсіздіктің алғашқы жыл­да­рындағы мақсат көпші­лік­тің назарын айтысқа бұру, айтысты жандандыру, айтыс ақындарын ел арасынан табу болды. Сол бағыт­та әр аудан, облыс өздері намысқа тырысып, ақындарын дайындады. «Алуан-алуан жүй­рік бар, әліне қарай шабады» дегендей, олар­дың арасында өкі­нішке орай, айтыс талабына сай кел­мейтін, ақындық қабілеті тө­мен жандар да кезігетіндігінің куәсі де бол­дыңыздар. Қазір бұл талап өз­гер­ді. Шынайы дарындар ғана топ жарады. Тума талант ірік­те­леді. Әсіресе, биылғы жылғы Мә­де­ниет және ақпарат министрлі­гінің ұйым­дастыруы­мен Батыс Қазақ­стан және Қы­зылорда облыстарында өткен жар­­тылай финалдарда жүз­ден жүй­рік шыққан жеңім­паз ақын­дар бақ сынасты. Қо­ры­тынды­сын­да алты ақын – Бал­ғынбек, Сара, Әсем, Жандарбек, Мұхтар, Мейірбектер топ жарды. Бұл – өте дұрыс шешім. Мен мұны ақын ретінде ендігі жерде айтыс деңгейінің төмен­де­мейтініне ке­піл­дік бере­тін шара деп санаймын».

Бек Ғалымның хабарлауына қарағанда, бас бәйгеге тігілген «Алтын домбыра» ақынның қанжығасына бірден байлана кетпейді екен. Жеңімпаз бас бәйгені ұтып алса, оның жүлдесі келесі айтысқа дейін республикалық мұ­ра­жай­ға сақтауға қойылып, ақын есімі мұражайдағы естелік кітап­қа жазылатын көрінеді. Егер ақын үш мәрте қатарынан бас жүлдені ұтып алған жағдайда ғана «Алтын домбыра» қолына табыс етіледі.

Аламан айтыс 9 желтоқсан сағат 15.00-де Конгресс-Холл сарайында өтеді.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер