BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астанада ақпараттық технология саласындағы терминология мәселесі талқыланды

АСТАНА. Қарашаның 18-і. BNews.kz – Бүгін Астанада «Түркітілдес елдердің терминқор қалыптастыру тәжірибесі» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының екінші күні ақпараттық технология саласындағы терминология мәселесі талқыға салынды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада 17-18 қараша аралығында Қазақстан мен Түркияның Тіл комитеттері және Түркия Ақпараттық технологиялар қоғамының ұйымдастыруымен Түркітілдес елдердің ортақ ақпараттық технология терминдер қорын қалыптастыруға арналған ІХ форму мен «Түркітілдес елдердің терминқор қалыптастыру тәжірибесі (терминжасам және өзара терминайналысым, көптілді терминологиялық сөздіктер жасау мәселелері)» конференциясының бірлескен мәжілісі өтті. Оған ҚР Байланыс және ақпарат вице-министрі С.Сәрсенов, Түркия Тіл комитетінің төрағасы Ш. Акалын, сонымен қатар ҚР Мәдениет министрлігі Тіл комитетінің төрағасы Ш. Құрманбайұлы қатысты.

Аталмыш шараның соңғы және шешуші күні ақпараттық технология саласындағы терминология мәселелеріне арналды. Онда Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, сондай-ақ Өзбекстаннан келген тіл мамандары күн сайын жаңарып, дамып келе жатқан ІТ-технолоия саласындағы жаңадан енген сөзердің өз тілдеріндегі баламасын ортаға ұсынып, тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар конференция барысында заң саласындағы терминология, электронды үкімет және қауіпсіздік тақырыптары да талқыға түсті.

http://www.bnews.kz/kk/news/post/62842/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер