BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Астана Опера» төртінші маусымын «Абай» операсымен ашады

Елордалық опера және балет театры өзінің төртінші маусымын А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай» операсымен ашады, деп хабарлайды Baq.kz.

Белгілі режиссер Джанкарло дель Монако (Италия) мен көрнекті қоюшы дирижер Алан Бөрібаевтің қойылымындағы бірегей ұлттық спектакль Астана тұрғындары мен қонақтарына III Халықаралық «Жібек жолы» фестивалінің аясында ұсынылады. Биыл қазақтың композиторлық өнерінің алыптары – А. Жұбанов пен Л. Хамидидің туғанына 110 жыл толғанын еске салайық. Әйтсе де, «Астана Опера» Үлкен залының аса көрнекті композиторлардың туындысымен ашылуы, кездейсоқ емес, неге десеңіз, ол театрдың «маңдай алды» қойылымы. Партитураны музыкалық тұрғыдан қайта қарау жауапкершілігі Ахмет Жұбановтың шөбересі – театрдың бас дирижері Алан Бөрібаевқа жүктелгені де кездейсоқтық емес. Оның мінсіз жұмысына көрерменмен қатар, ойшылымыздың шексіз тамаша әлеміне еліктіріп әкететін Симфониялық оркестрдің музыканттары да лайықты баға беріп үлгерді.

Қазақ-италиялық шығармашылық топ жүзеге асырған опера, қазақ философиясының данышпаны – Абай Құнанбайұлының өмірдегі қызметі, құндылығы мен армандары жайлы баяндайды. Қойылым сол кезді шынайы етіп, дәлме-дәл жеткізеді.

- Классикалық опералық спектакльді итальяндық мектептің көзімен ұсынған көркемдік- қойылымдық топ, операда бірінші кезекте, музыкада берілген драматургиялық қақтығыстарға апаратын адам құштарлығының көрінісін тыңдарманға эмоциялық тұрғыдан бірге бастан кешіруді көздеген. «Абайды» тек осылай көрген олар, театрдың керемет кәсіби деңгейін пайдалана отырып, ұлттық негізді ескеретін қойылым жасады. Жанрдың мүмкіндігін ерешке сезінетін көркемдік-қойылымдық топ, кеңес заманындағы спектакльдердің көзге ұрып тұратын әлеуметтік «илеуін» еңсеріп, операның мән- мағынасын аша білді. Бүгінде бұл өзекті мәселе болып табылады, алайда бұған дейін оған баса назар аударылған жоқ, - деп атап өтті операның тұсаукесерінде болған өнертану ғылымдарының докторы, ҚазҰӨУ профессоры Үмітжан Жұмақова.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер