BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

«Астана» театр фестивалі: 13 мемлекеттен келген әлемдік театр ұжымдары өнер көрсетеді

17 маусымда ІІ дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі ашылады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Мәдени жоба Елордамыздың 20 жылдығы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға арналып отыр.

Екі аптаға созылатын театр мерекесінің қарсаңында 13 мемлекеттен келген әлемдік театр ұжымдары өнер көрсетеді. Олар: «Piccolo di Milano» театры (Италия), «1927» театры (Ұлыбритания), «Meno Fortas» (Литва), «Warszawa» (Польша), «Nakamura Gekijo» (Жапония), Тәуелсіз интернационалды «11» театры (Германия), Ш.Руставели атындағы Грузия мемлекеттік академиялық театры (Грузия), Бейжің халықтық көркем театры (Қытай), Өзбек ұлттық академиялық драма театры (Өзбекстан), Ленсовет атындағы Санкт-Петербург академиялық театры, Мәскеу губерниялық театры (Ресей), Ш.Термичиков атындағы Шу облыстық театры, Т.Абдумомунов атындағы Академиялық драма театры (Қырғызстан).

Отандық театрлардан М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры, «Astana Musical» қатысады. Барлығы– 18 спектакль. Аталған іс шараның басты қонағы - Оскар сыйлығының иегері дүниежүзіне белгілі кино және театр актрисасы Жюльет Бинош.

Фестивальға Асанәлі Әшімов (Қазақстан), Йонас Вайткус (Литва), Давид Асатиани (Франция), Беатрис Пикон-Валлен (Франция), Давид Папава (Ұлыбритания) сынды Еуропа мен Азияның белгілі театр қайраткерлері, театртанушылар, театр сыншылары қатысады.

ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестиваліне «Piccolo Teatro di Milano» театры 70 жыл бойы қойып келе жатқан «Екі мырзаға бір қызметші» спектаклі 50 мемлекетте, Италияның 171 мекемесінде 2500 рет қойылып, Гиннес рекордтар кітабына енген. Комедия жанрындағы спектакльдің басты кейіпкері – айлақор әрі шатпақ мінезді, өзінің фантазиясы бойынша үш жұптың отау құруын ойластыратын жан.

Театр ұжымдарының басқа қойылымдары «Қазақстан» орталық концерт залында, Холл Энергия, Бейбітшілік және келісім сарайында, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында және М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер