BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана төрінде көшпенділер өркениеті жандануда

 Астана. 5 шілде. BAQ.KZ – Астана күніне орай шілденің төртінші жұлдызында басталған көшпенділер өркениеті фестивалі бүгін өз жалғасын тапты. «Мыңжылдықтар тоғысындағы Астана» деген айдар таққан шараға көптеген түркі тілдес ұлт өкілдері келіп қатысуда.

 Фестиваль аясында қолөнер шеберлерінің туындылары, ақындар айтысы, шабандоздар өнері, дәстүрлі ән-күй, ұлттық ойындар және көшпелі өмірдің өзге де көріністері халық назарына ұсынылуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бесінші жыл қатарынан өткізіліп отырған осынау фестивальдің ерекшелігі – түркі халықтарының мәдениетін, өнерін паш ету. Сонымен қатар, жойылудың алдында тұрған түркі тілдес ұлттарға қолдау көрсету болып табылады.
Биылғы шараға Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан, Түркіменстан, Башқұртстан, Татарстан сынды туыс елдердің өкілдері келіп қатысуда. Сондай-ақ бүгінде жойылып бара жатқан төлеуіттер, оранхайлар сынды ұлттардан да қатысушылар табылыпты. Фестивальдің басты мақсаты – ұмыт болып бара жатқан көшпелілер өркениетін қайта тірілту және тілі бір, діні бір туыс халықтардың мәдениетін жаңғырту.
Мерекелік іс-шара төрт күнге созылмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер