BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«АСТАНА КҮНІ» - 2012

Астана. 3 шілде. BAQ.KZ – Бүгінде Қазақстанға қызыға да қызғана қарайтын елдер жер бетінде жетерлік. Айналдырған жиырма жыл ішінде адам сенгісіз жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерді бағындыра білген мемлекетке өзгелер не үшін қызықпасын?!
Иә, қызығатын себептері көп. Сол көп себептің ең негізгісі – біз айналдырған 10-15 жыл ішінде жаңа қала тұрғыздық. Ол жай ғана қала емес, бүкіл Еуразияның мәдени және рухани орталығына айнала білген Астанадай әсем қала.
 

 Бүгінде осы жаңа Астананың алғашқы кірпіші қаланғанына тура 14 жыл толып отыр. Қала күні жылдағыдай салтанатты шаралармен, отшашулармен, шетелдік және отандық өнер жұлдыздарының концерттерімен, мерекелік шерулермен өткізілмек.
Астана күніне арналған осынау іс-шаралардың алғашқы легі шілденің бірінші жұлдызынан басталып, бір жетіге созылмақ. Осы уақыт аралығында мәдениет пен өнердің барлық салаларын қамтитын көптеген жиындардың куәсі бола аласыз. Ендеше, мерекелік бағдарламалар күнтүзбесіне бірге шолу жасайық.

 

3 шілде 2012 жыл.

Іс-шара атауы

Өтетін орны

Басталу уақыты

1

Заманауи өнер фестивалі

Сулы-жасыл бульвары

10.00

2

Кондитерлер фестивалі

Конгресс-холл

10.00

3

"ASTANA" III-ші халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалі

«Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы

11.00

4

«Жыр-шашу» мейірімділік концерттік бағдарламасы

Зейнеткерлер мен мүгедектерге арналған қағами-медициналық кешен

12.00

5

Әлем Кубогы халықаралық жарысы: ҚР Президентінің ат спорты Кубогі

 

12.00

6

«Азия жаңғырығы» цирк өнерінің халықаралық фестивалі

Астаналық цирк

17.00

7

«Ақан сері - Ақтоты» спектаклінің тұсаукесері

Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры

18.30

8

«Кьоджинские перепалки» спектаклінің премьерасы

М.Горький атындағы Орыс драма театры

18.30

9

Киноконцерт "Тақиялы періште"

Конгресс-холл

19.00

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер