BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«АСТАНА КҮНІ» - 2012

Астана. 30 маусым. BAQ.KZ – Бүгінде Қазақстанға қызыға да қызғана қарайтын елдер жер бетінде жетерлік. Айналдырған жиырма жыл ішінде адам сенгісіз жетістіктерге қол жеткізіп, биік белестерді бағындыра білген мемлекетке өзгелер не үшін қызықпасын?!

Иә, қызығатын себептері көп. Сол көп себептің ең негізгісі – біз айналдырған 10-15 жыл ішінде жаңа қала тұрғыздық. Ол жай ғана қала емес, бүкіл Еуразияның мәдени және рухани орталығына айнала білген Астанадай әсем қала.

 Бүгінде осы жаңа Астананың алғашқы кірпіші қаланғанына тура 14 жыл толып отыр. Қала күні жылдағыдай салтанатты шаралармен, отшашулармен, шетелдік және отандық өнер жұлдыздарының концерттерімен, мерекелік шерулермен өткізілмек.

Астана күніне арналған осынау іс-шаралардың алғашқы легі шілденің бірінші жұлдызынан басталып, бір аптаға созылмақ. Осы уақыт аралығында мәдениет пен өнердің барлық салаларын қамтитын көптеген жиындардың куәсі бола аласыз. Ендеше, мерекелік бағдарламалар күнтүзбесіне бірге шолу жасайық.

 

 

1 шілде 2012 жыл.

 

Іс-шара атауы

Өтетін орны

Басталу уақыты

1

Заманауи өнер фестивалі

Сулы-жасыл бульвары

10.00

2

«Азия жаңғырығы» цирк өнерінің халықаралық фестивалі

Астаналық цирк

16.00

3

"ASTANA" III-ші халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалі

«Бейбітшілік және келісім» сарайы

18.00

 

2 шілде 2012 жыл.

 

Іс-шара атауы

Өтетін орны

Басталу уақыты

1

Заманауи өнер фестивалі

Сулы-жасыл бульвары

10.00

2

"ASTANA" III-ші халықаралық экшн-фильмдер кинофестивалі

«Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы

11.00

3

«Азия жаңғырығы» цирк өнерінің халықаралық фестивалі

Астаналық цирк

17.00

 

Сіздерге Астана күніне арналған мерекелік апталықтың алғашқы екі күнінде өтетін іс-шаралар күнтүзбесін ұсынып отырмыз. Қалған күндердің тізімін алдағы уақытта таныстыратын боламыз.

 

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер