

– Басты мақсат бас жүлде алу емес, өзіңнің қабілет-қарымыңның қандай дәрежеде екеніңді көрсету ғой. Ол жерде жеңістен гөрі өз өзіңді саралауға мүмкіндік туады. Әр байқау өзінше сабақ. Өзіңнің артықшылығың мен кемшілгіңді саралау бсты орында. Жүлде өнер сапарына алғашқы баспалдақ болып қана қоймай, мойныңа үлкен жауапкершілік те артады. Өйткені жұртшылықтың жүлдегерге сын көзбен қарайтыны рас қой. Бір рет қана сахнаға шығып, жүлде алған соң жоқ боп кететіндер де бар. Байқау сенің көпшіліктің алдында өзіңді үнемі бап көрген жарау тұлпардай болғаныңды қалайды. Сол үшін ізденесің. Сол үміттің үдесінен шығу үшін тер төгесің.
– Бәлкім сағыныштан болар. 21 жасымда анам бақилық болды. Әркім үшін ананың орны бөлек қой. Әсіресе келмес сапарға кеткен адамға деген сағыныштың жөні бір басқа. Оны басына түскен жан ғана түсіне алады. Сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ата-анам бауырым екеуіміздің болашағымызды ойлап, ауылдан Алматыға көшіп келді. Қай ана болмасын, «балам үлкен азамат болса, халыққа танылса» деп армандайды ғой. Анамның арманының үдесінен шығу үшін барынша тырысып жүрмін... Мұңға, сағынышқа толы әндерді әдейі таңдап аламын деп айта алмаймын. Өзімнің жүрегіммен үндесетін, табиғатыма жақын әндерді ғана орындаймын.
– Репертуарымда «Ақ қайың» атты ән ғана көше әні. Ауыздан ауызға таралып, авторы ұмытылып кеткен әсем әндерді яғни, көше әндерін қайта өңдеп, халыққа ұсынудың айыбы жоқ деп есептеймін. Нашар әндердің халықтың жадында жатталып қалмайтындығы бесенеден белгілі. Ал жұрттың жүрегінен орын алған әдемі әндер ешуақытта ұмытылмақ емес. Кейбір көше әндерінің осы уақытқа дейін ұмытылмай келе жатқандығының себебі де сол.
– Әр адамның өз ойы, жеке пікірі болады. Кейде келіспеушіліктер болып қалады. Үлкен ғой деп сыйлайсың. Кейде жасым кіші деп кішіреюге тура келеді. Бірақ кіші екенмін деп тым өзіңді өзің тастап жіберуге де болмайды.
– Алматыдағы «Заңғар» сауда үйінде қызмет істейтін Асылбек атты ағам көп көмектесті. Халыққа танылуыма солардың көп септігі тиді.
Сыйлық ұсынған. Қабылдаған жоқпын. Шын көңілден ұсынған зат болмаған соң бас тарттым. Оны алу үшін қатты ойланамын. Өйткені «алмақтың да салмағы бар». Сыйлығын ұсынып тұрып, өзіне тәуелді еткісі келетіндер де жетіп артылады. Адамның іші сезіп тұрады оны. Шын көңілден өнеріңе бас иіп ұсынатындар қазір кем ғой.
– Жоқ. Ауыз толтырып айтатындай көп клипім де жоқ. Деңгейіне келсек, көңілім толмайды. Қаржысы аздау болды. Клиптерімнің сапасы туралы сын айтып, жамандап жатқан ешкім жоқ.
– Өнер ордасы Алматыда шығармашылық кешін өткізу әр әншінің арманы ғой. Бұл менің де жоспарымда бар. Бірақ оған әлі ертелеу сияқты. Әрі оған көп қаржы керек. Патриоттық рухтағы ән орындағым келеді. Бірақ көңілімдегідей ән табылмай тұрғаны...
– Қазақ қызына, әрине, инабаттылық тән емес пе? Нағыз ару еріне адал, жүрегінде, жанында, ділінде иманы болуы керек деп есептеймін.
http://www.halyksozi.kz/news/view/id/1033
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!