Әсел Сағатова – Қазақстанның ең табысты актрисасы - Өнер|28 Шілде 2012, 13:53
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әсел Сағатова – Қазақстанның ең табысты актрисасы

Forbes басылымының ойынша, Қазақстанның жоғары табысты актрисасы – Әсел Сағатова. 

«КазАқпарат» мәліметі бойынша, «Махаббат тәлкегі» фильмінің бас кейіпкерін ойнаған акстрисаның жылдық табысы 900 мың долларды құраған. Түсірілімнің бір күні үшін актриса 2-5 мың доллар аралығында алады екен. Қазақстандық көпшіліктің сүйіктісі тек актрисалық қызметімен ғана табыс таппайды. Әсел Сағатова – таяуда италияндық кофехананың бірлескен қожайыны да атанды. Қазақстанның ең бай өнер жұлдыздарының рейтингінде екінші орында өткен жылы 800 мың доллар пайда тапқан MuzArt тобы тұр. Forbes-тің ойынша, үшінші орынға Батырхан Шүкенов лайықты. Одан кейін Баян Есентаева мен «Наша KZаша» жобасы табысты жұлдыздар қатарын толықтырыпты. Ауқатты әншілер рейтингін әрі қарай Дильназ Ахмадиева, Роза Рымбаева, FM тобы, Мәдина Сәдуақасова мен Мақпал Исабековалар жалғастырады. Олардың кірісі жылына шамамен екі жүз елу мың долларды құрайды.
Айта кетейік, қазақстандық өнер жұлдыздарынан басқа Forbes басылымы телевизия саласының ең табысты жұлдыздарының рейтингін жасапты. Соған сәйкес, тізім көшбасын 19 миллион доллармен «Америкалық отбасы» телесериалының жұлдызы София Вергара бастаған. Одан кейін Ким Кардашьян, үшінші орында 15 миллион табысымен Ева Лангория тұр. Сондай-ақ тізімге актрисалар Маришка Харгитей мен Зоуи Дешанельдер енген.

 Еуразия бірінші арнасы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер