BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Әнші Sia бүркітші қазақ қызына ән арнады

Әнші Sia Моңғолиядан бүркітші қазақ қызы Айшолпан Нұрғаева туралы фильмге саундтрек болып табылатын «Angel by the Wings» атты жаңа әнін жазды.

Джаз және поп стиліндегі орындаушы австралиялық Сия Ферлер режиссер Отто Беллдің «The Eagle Huntres» деректі фильміне баллада-саундтрегін орындады.

Фильм ата-баба дәстүрін жалғастырған бүркітшілік өнерді меңгерген қазақ қызы Айшолпан Нұрғаева жайлы. Бұл негізінен ерлерге тән кәсіп. Әлемде бұл өнермен тек 2 нәзік жан ғана шұғылданады екен. Олардың екеуі де - қазақ. Екіншісі Қазақстанда тұратын бүркітші Мақпал Әбдіразақова.

Бүркітші қыз туралы деректі фильм 28 қазаннан бастап Нью-Йорк пен Лос-Анджелес кинотеатрларында көрсетіліп жатқанын атап өткен жөн. Sia - Angel by the Wings Сия соңғы жылдардағы ерекше көзге түскен әншілердің бірі. Ол жұртшылықты жұмбақтығымен таңғалдырып жүр. Ол жүзін жасыру үшін қара-ақ түсті парик киеді.

Отто Белл Ұлыбритания режиссері, алайда Нью-Йоркте жұмыс істейді. Ол 15-ке жуық қысқа метражды фильм түсірген. Айшолпан Нұрғаева әкесі, анасымен бірге 6000 мильді еңсеріп, Моңғолиядан АҚШ-қа, Парк-Ситиге келді. Бүгінде ЮНЕСКО-ның материалдық емес мұрасының көрнекі тізіміне материалдық емес мәдени мұраны қорғау комитетінің шешіміне сәйкес аңға құс салу, қазақ күресі және т.б. енген.

Аделаиданың 40 жастағы тумасының алғашқы альбомы 1997 жылы шыққан. Алайда Сия Ферлер 2008 жылы ғана танылды. Оның жеті альбомы бар. Көп орындалатындары - Titanium, Elastic Heart және Chandelier.

ҚазАқпарат


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер