BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Америкалықтар қазақ әнін шырқап жүр

Қазақтың қара өлеңі – Америка ырғағында. АҚШ-тың Мичиган штатынан шыққан жас музыканттар қазақша ән шырқап жүр. Өздеріне «Мойындау» деп ат қойған осынау квартет күні кеше Оңтүстік Қазақстан облысына ат басын бұрып, алғашқы концерттерін беріп үлгерді.

 

АҚШ музыканттарының қазақ туын­ды­ларын таңдауы кездейсоқ емес. Жас өнер­паздар Мичиган университетінде Айнагүл Әбдіхалықова есімді қазақ қызымен бірге оқыған. Олар төрт жыл бойына Айнагүлдің жанында жүріп, күй тыңдап, ұлттық дәстүр­ден хабардар болған. Оны аз десеңіз, осы­нау америкалық студенттер осы уақыт аралығында «Наурыз» мерекесін де тойлап келіпті.

«Болашақ» бағдарламасының иегері Айнагүл Америка Құрама Штаттарына ат­танар кезінде өзімен бірнеше кітап арқалап кеткен екен. Арасында қазақы қара өлең­дер де бар. Сол өлеңдерді қазақ қызының аузынан естіген жас композитор Алекс Кренгер сөздерді дереу өз ырғағына салып айта жөнеліпті. Тілге жеңіл, жүрекке жылы тисе керек, Алекс сол сәттен бастап қазақ өлеңдеріне америкалық әуендер жазуды қолға алған.

Қазақша сөйлей білмесе де, Алекс Крен­гер қазақ өнерімен етене таныс. Абайды оқып, Шәмші әндерін тыңдағанды ұнатады. Шымкентте өткен концертте де осынау квартет мүшелері Ш.Қалдаяқовтың бірнеше әнін өз аспаптарында орындап шықты.

А.Кренгердің айтуынша, АҚШ-тың өнерсүйер қауымы бүгінде қазақ мәдение­тін ерекше бағалайды. «Әсіресе ұлттық аспаптар, оның ішінде домбыра америка­лықтар үшін аса танымал. Осы домбыра құдіретіне бас иген Америка халқы енді қара өлеңді танып жатса, бұл – біздің еңбек­тің зая кетпегендігінің белгісі» дейді жас өнерпаз.

«Мойындау» квартеті Оңтүстік Қазақс­тан облысынан кейін сапарларын Алматы және Астана қалаларында жалғастырмақ.

Автор: Серғали Балажан, Шымкент

http://alashainasy.kz/culture/26375/


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер