BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алты жасар астаналық қыз Голливудты бағындырды

АСТАНА. 1 маусым. Астана қаласының жас тұрғыны биылғы жылдың 22-25 мамыр аралығында АҚШ-тың Калифорния штатындағы Лос-Анджелес қаласында өткен «Бақытты балалық шақ» Халықаралық балалар байқауында бірінші орынды иеленді.

Жас қатысушы Бибімәриям Омарованың есімі Халықаралық балалар байқауы жеңімпаздарының арасында естілгенде, оған өзі де, музыкалық жетекшісі - Астана қаласының «Талант» өнер орталығының директоры Марат Омаров та сенбеді, деп хабарлайды «Бәйтерек» халықаралық медиа-ориталығынан. Голливудта бәрі сиқырлы болып көрінетіндіктен, басында оны керемет жаңалық деп түсінді. Бірақ енді кішкентай әншінің бөлмесінде алтын жұлдыз тұр. Ол оған кез-келген үлкен табыстың сиқыр емес, адал еңбек пен өз күшіне сенім екенін ескертетіндей.

Қазақстаннан барған топ саны жағынан ең аз болды. Бибімәриям бұл байқауда елімізді жалғыз таныстырған еді. Байқауға бүкіл әлемнің 55 елінің өкілдері қатысты.

Байқау екі турмен өтті. Біріншісінде Бибімәриям қазақ тіліндегі әнді және танымал американдық әнші Селена Гоместің әнін орындап, көрермендер мен қазылар алқасының қошеметіне ие болды. Екінші турда испан тіліндегі ән орындалды.

Мұндай байқауға қатысу психологиялық жағынан қандай қиын екенін айтпаса да түсінікті. Бірақ, бәсекелестікке қарамастан, сахнаның ар жағында Бибімәриям көптеген әртістермен достасты. Дайындық кезінде вокалдық  аталымның барлық қатысушыларының ән айтқаны жақсы болғаны соншалық, қазақстандық байқауға қатысушының жетекшісі жеңіске үміттенбеді. Ал қыз бала болса американдық қазылар алқасын өзінің табиғилығымен және әртістігімен баурады.

Жас әншінің табысқа жетуі кездейсоқтық емес. Бибімәриям үш жастан бастап ән айтады, «Ән Орда», «Балбөбек» сияқты көптеген ән байқауларының жеңімпазы болып табылады. Қазір Бибімәриям «Нұр Орда» халықаралық мектебінде білім алуда.

Айта кетейік, біздің жерлестеріміз Голливудтан тек алтын жұлдыз ғана алып келген жоқ. New York Film academy директоры Дэн Маклер мен Марат Омаров бір топ қазақстандықтардың американдық киноакадемиясында бір айлық оқытылу келісім-шартын жасасты. Онда қазақстандық азаматтар үлкен тәжірибе алып, өзінің шеберлігін көрсете алады, бұл қазақстандық шоу-бизнестің қалыптасуындағы маңызды кезеңге айналады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер