BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыға «сөйлейтін» Құран келе жатыр

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай 25 тамыз күні Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік мұражайда «Ислам мәдениеті мен өнері - Иран шеберлерінің шығармашылығында» атты көрме ұйымдастырылмақ. Бұл шараның басты сүйіншісі - көрмеге «сөйлейтін» Құран кітабының қойылатынында болып отыр.

Орталық мұражайдың мәдени-ағарту жұмыстары орталығының жетекшісі Анна Кущенконың хабарлауынша, көрмеге Иран шеберлері Парвиз Назари мен Ахмад Мохаммадпур келіп, өз шығармаларымен таныстырады. Сондай-ақ шеберлік сыныптарын өткізеді. Парвиз металл бетіндегі кесінді өнерімен айналысса, Ахмад каллиграфияның шебері екен. Көрмеге олардың 60-қа жуық жұмысы қойылғалы отыр. Шара екі бөліммен өткізілмек. Алғашында көрермендер назарына Құран аяттары бейнеленген картиналар ұсынылса, екінші бөлімде келушілер аяттарды каллиграфиялық нұсқада оқи алатын болады. Жоғарыда атап өткеніміздей, орталық бұл көрмеге «сөйлейтін» Құранның қойылуы - мұражай қызметкерлері үшін де тосын жаңалық болғалы тұр.
- Әзірге бұл мұрағаттың қалай жасалғаны, қандай пішінде екені жөнінде ешқандай мәліметке ие емеспіз. Алайда ирандық шеберлер Құранның біз үшін тосынсый болатынына уәде етіп отыр, - дейді Анна Кущенко.
Алғашқы «сөйлейтін» Құран Татарстан астанасы - Қазан қаласындағы зағиптарға арналған республикалық кітапханада көздері нашар көретін адамдар үшін жасалған болатын. Ол есте сақтау жадысы бар сандық құрылғыға негізделген. Яғни көзінің ақауы бар кез келген адам арнайы түймені басу арқылы өзіне қажетті сүре не аятты тауып, оны тыңдай да алады. Мұндай құпиялы Құран 2009 жылы жасалса, Иран шеберлерінің көрмеге әкеле жатқан еңбегі әзірге құпия болып тұр.
Айта кету керек, елімізде қасиетті Құранға деген құрмет жыл санап артып келеді. Көктемде ғана Алматыда өткен араб каллиграфиясының көрмесі шеңберінде қасиетті Құран кәрімнің үш - араб, қазақ және ағылшын тілдерінде топтастырылып жарық көрген нұсқасының таныстырылымы өтіп, бұл кітаптар келушілерге тегін таратылған болатын. Малайзиялық өнер колледжі мен Ресту қорының 3 ғылыми-зерттеу институты әзірлеген бұл еңбек қазақстандықтардың аяттарды оқып қана қоймай, оны терең түсінуі көп пайдасын тигізуде. Енді халқымыз «сөйлейтін» Құранның да кереметін көретін болады...


Нұрболат Аманжол

http://www.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=9411&Itemid=2


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер