BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда шетелде тұратын қандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалі өтеді

Қазан айының 7-ші жұлдызы күні Алматыдағы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай шетелдегі қандастарымыздың қатысуымен халықаралық өнер фестивалі өтеді, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырмасы бойынша «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» РҚБ Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Шетелде тұратын отандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалін» өткізеді.
Фестивальдің мақсаты - шетелде тұратын отандастарымызбен мәдени және рухани, сондай-ақ білім саласындағы байланысты дамыту және олардың ұлттық әлеуетін арттыру.
Фестиваль аясында «Алматы- тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты жыр мүшәйрасы, термешілер сайысы және сурет көрмесі өткізіледі.
Фестивальға Қазақстан Республикасының Президент Әкімшілігінің, Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілдері, депутаттар, республиканың барлық өңірлерінен оралмандар, зиялы қауым, БАҚ өкілдері, 20-дан аса елде тұратын қазақ диаспарасының 50-ге жуық өкілі және студенттер қатысады.
Фестиваль соңында салтанатты марапаттау рәсімі және гала концерт өткізілетін болады. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Естеріңізде болса, бұған дейін де осы фестивальдің өтетіні туралы хабарлаған болатынбыз.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер