BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда «Мәңгілік сарын» атты күй кеші өтті

Бүгін Алматы қалалық Мәдениет және құжаттар басқармасының ұйымдастыруымен «Алатау» дәстүрлі өнер театрында «Мәңгілік сарын» атты күй кеші өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ерекше серпін, сән-салтанатпен өткен күй кешіне белгілі дәулескер күйшілер Сержан Шәкіратов, Абдулхамит Райымбергенов, Әділбек Атығаев, Айгүл Үлкенбаева, Жанғали Жүзбаев, Мұқаш Таңғытұлы, Талғат Мұқыш, Мұрат Әбуғазы, Нұркен Әшіров, Батыржан Мықтыбаев, Ерболат Мұстафаев, Сәуле Қаниева, Ардаби Мәулітұлы және «Сазген сазы» этнографиялық – фольклорлық ансамблі қатысты. Күй кешінде ел арасында сақталып, бүгінгі күнге жеткен барлық күй мектептеріне тән шығармалар ойналды.

Сондай-ақ бүгінгі таңда ұмыт болып, қолданыстан шыға бастаған көнерген саз аспаптарда да халық күйлері орындалды.

Осы өткізілген «Мәңгілік сарын» күй кеші өңірдегі Наурызға арналған іс-шараларды қорытындылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер