BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Алматыда Құман Тастанбековпен қоштасып жатыр

Алматыда ҚР халық әртісі, Қазақстанның Лениншіл комсомол сыйлығының иегері, «Құрмет», «Парасат» орденінің кавалері Құман Тастанбековті ақтық сапарға шығарып салып жатыр, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі today.kz басылымына сілтеме жасап.

Қоштасу рәсімі Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрының ғимаратында өтіп жатыр.

Танымал актерді ақтық сапарға шығарып салуға әріптестері, достары және жақындары жиналды.

Айта кетейік, актер Құман Тастанбеков 17 желтоқсанда қайтыс болды. Ол сол кезде өзінің туған қаласы Ақтауда болған.

Сондай-ақ Елбасы Қазақстанның халық әртісі Құман Тастанбековтің қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдаған болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер