BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматыда ерекше кітапхана жұмыс істей бастады

АЛМАТЫ. 10 шілде. BAQ.KZ – Алматыда «Тегін Uni оқу залы» жобасы бастау алды. Бұл - ашық аспан астындағы жылжымалы кітапхана. Бұл туралы Алматы қаласының мәдениет басқармасы facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Мәдениет басқармасының хабарлауынша, тамыз айының соңына дейін кітапхана әрбір екі апта сайын қаланың түрлі саябағында орналастырылатын болады. Оқырмандар мәдени нысанның қызметін таңертеңгі 9-дан кешкі 8-ге дейін пайдалана алады.
"Көшпелі кітапхана қоржынында ағылшын, орыс және қазақ тіліндегі 300 кітап бар. Кез-келген жанрдағы дүниелерді табуға болады. Ерекше кітапханаға жұртшылықтың қызығушылығы зор", деп жазады дереккөзі.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер