BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы телеарнасының қызметкерлері ереуілге шықты

«Алматы» телеарнасының (Оңтүстік астана ТРК» АҚ) 50-ге тарта қызметкері жаңа бас редактордың тағайындалуына қарсы шығып, жұмыстарынан кетуде, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы.

«Серік Сарыбаев (бас директордың орынбасары, қазақ редакциясының жетекшісі – «ИФ-К») екеуміз жұмыстан өз еркімізбен кеткелі жатырмыз. (...) Редакцияға бұл ұнаған жоқ, бәрі жұмыстан кетпек», - дейді «Интерфакс-Казахстан» агенттігіне телеарнаның бас директорының орынбасары, орыс редакциясының жетекшісі Қайрат Балтабай.

Сонымен бірге телеарна қызметкерлері мәлім еткендей, қазіргі уақытта 50 адам 1 қазаннан бастап жұмыстан кетуге арыз жазған. Олардың ішінде қазақ редакциясы толығымен, орыс редакциясының біраз бөлігі, операторлар мен режиссерлер бар. Қызметкерлер жанжалдың негізгі себебі жаңа бас редактордың тағайындалуына келіспеу деп отыр. «Бас редактор етіп Байзақ Асылбековты тағайындады, ол редакциямен жұмыс істей алмайды», - деді олардың бірі. Қазір қызметкерлер телеарна ғимаратының алдына ереуілге шыққан.

Айта кетейік, «Алматы» телеарнасы қалалық әкімдіктің құзырына жатады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер