BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы мен Астанада

Астана. 4-қазан. BAQ.KZ. 9-10 қазанда Алматы мен Астана қалаларында 15-қазаннан бастап "Ел арнадан" берілетін "Ғашық жүрек" телесериалының алдын-ала көрсетілімі болады. Оған телесериалдың барлық шығармашылық ұжымы қатысып, көрермендердің сұрақтарына жауап береді.
 

Телесериалды таныстыру шарасында оның продюсері Баян Есентаева, бас режиссер Асқар Ұзабаев, сценарий авторы Данияр Күмісбаев, бас оператор Азамат Дулатов, музыкалық продюсері Бағым Мухитденова, әртістері Берік Айтжанов, Салтанат Қалиева, Ақерке Сүлейменова, Жанаргүл Нұғманова және «Ел арна» директоры Айгүл Мүкей қатысады.
Алматы қаласында 9-қазанда 19.00-де Спутникте,10 қазанда, 19.00–де Астана қаласында Сарыарқа кинотеатрында көрсетіледі. Оған кіргіңіз келсе, media@khabar.kz, keneby@khabar.kz электронды пошталары арқылы тіркеліңіз.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер