BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Әлішер Каримов Армениядан жүлде алып қайтты

Астана. 25 қазан. BAQ.kz Жас әнші Әлішер Каримов халықаралық «Ереван шақырады» байқауында жүлдемен оралды. 

Арменияда өткен байқаудан отан­дасымыз үшінші орын жеңіп алды.
Ал бас жүлде израильдік аруға бұйы­рыпты. Бірінші орын Украина әншісінің қанжығасына байланса, грузиялық үміткер екінші орынды олжалаған.
Байқау шарты бойынша, әр қаты­сушы үш әннен дайындап келген. Ал­дымен қазылар алқасы мен көрермен­дер сынға түсушілердің әлемдік таны­мал туындыларды қалай шырқайты­нын сынап көрген. Одан кейін әр орын­даушыға өз елінің үздік әнін паш етуге мұрсат берген. Соңынан ақтық бәйгеге іріктеліп шыққандар армян ті­лінде мүмкіндіктерін байқаған. Әлі­шер тарту еткен Төлеген Мұхамеджанов­тың «Іңкәрім-ай» әнін шетелдіктер үл­кен ықыласпен қабылдаған көрінеді.
Естеріңізде болса, ол бір жыл бұрын жиырмасыншы мәрте өткен халықара­лық «Витебск-2011» эстрадалық әндер байқауында да өнер көрсетіп, үшінші орынды иемденген болатын.
Ал «Ереван шақырады» байқауы биыл бірінші рет қолға алынып отыр. Ауқымды шара Армения астанасының 2794 жылдығына арналыпты.
Дүбірлі додаға Украина, Белоруссия, Мальта, Эстония, Латвия, Литва, Қа­зақстан, Израиль, Польша, Испания, Ру­мыния, Грузия, Ресей, Молдова, Бол­гария, Ұлыбритания сияқты мемлекет­тің жастары жиналған. Олардың басым бөлігі «Евровидение», «X-factor» жоба­ларына қатысып, тәжірибе жинақ­та­ғандар. Жүлде қорына тоқталсақ, аз да емес, көп те емес, 20 мың долларды құ­ра­ған. Жеңімпаздар қомақты қаржымен қоса, заттай бағалы сыйлықтармен, арнайы дипломдармен марапатталған. Армян тілінде үздік ән салған үміткерге арнайы жүлде тағайындалыпты.
Әлішер еліміздің атын асқақтатып қана қоймай, өз тыңдармандары үшін «Тағы да» деп аталатын альбомын жа­рыққа шығарды.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер