BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алғашқы қазақстандық мюзикл сахналанды

«Қазақстан» орталық концерт залында «Достар серті» мюзиклінің жаңа көрсетілімі өтті. Жаңа музыкалық қойылым — алғашқы қазақстандық мюзикл саналады. Ол — Астанадағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымның жанында ашылған «Astana Musical» жаңа музыкалық театры ұжымының бірлескен еңбегінің жемісі, деп Baq.kz Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл еліміз үшін маңызды оқиға. Ең алдымен, министрліктің қолдауының арқасында аты аңызға айналған «Қазақконцерт» концерттік ұйымын сақтап қалдық. Қаншалықты қиын болғанымен, нәтижесінде сүйікті атауды сақтап, Астана қаласында бірегей ұйым құрдық. Бұл жерде 100 пайыз қазақстандық туындылар дүниеге келеді деп толықтай сенемін. Қазақстандықтарға Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай осындай сый жасау біз үшін құрмет», – деп атап өтті «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры Салтанат Сейдімбек.

Мюзиклдің либреттосын танымал қазақстандық ақын және сценарист Бақыт Қайырбеков жазды. Қойылым музыкасының авторы Қазақстанның еңбегі сіңген қайраткері, дирижер Артур Оренбургский болса, режиссері – Еслям Нұртазин. Ақын, драматург Аннас Бағдат мюзиклді қазақ тіліне аударды.

Мюзикл желісі бойынша еліміздің әр өңірінен консерваторияға оқуға келген төрт жігіттің басынан кешкен қызықты оқиғалары, жастық шақ, достық пен махаббат жайы баяндалады. Оқиға 60-70-ші жылдар кезеңінде өрбиді. Мюзиклға қазақ музыкасының «алтын қорына» енген Ш.Қалдаяқов, Е.Хасанғалиев, «Дос-мұқасан» тобының әндері арқау болды. Әлемдік музыканың жауһарлары Франкель, Битлз репертуарының шығармалары орындалады. Сондай-ақ, жаңа стилистикалық бағытта жазылған композициялар да бар.

«Astana Musical» — еліміздегі «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының негізінде құрылған тұңғыш мамандандырылған мюзикл театры. Спектакльде жас актерлар өнер көрсетеді. Жаңа театр заманауи бағыттарға негізделіп, отандық мюзиклдердің бірегей репертуарының орталығына айналмақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер