BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алашорда атты фотоальбом жарыққа шықты

АСТАНА. 3 қазан. BAQ.KZ – Астанада бүгін «Алашорда» атты фотоальбомның тұсаукесері өтті. Фотоальбом «Нұр Отан» ХДП қолдауымен,  «Алтын Қыран» халықаралық қайрымдылық қорының қаржылай көмегімен жарық көрді. Құрастырушысы – алаштанушы Болат Мүрсәлім.

Альбом Алаш қозғалысының қалыптасу, саяси сахнаға шығу, Алаш автономиясын құру, Алаш арыстарының кеңестік қуғын-сүргінге ұшырауы кезеңдерін қамтиды. Жинаққа 350-ден астам фото енгізіліп, олар 6 тақырыптық-хорнологиялық бөлімге топтастырылған. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдарда елімізде Алаш арыстарына тұрғызылған ескерткіштер де қамтылған.


-    Ұлттық мәселеге келгенде біздер бір ғана форматты ғана пайдаланбай, жан-жақты көрсетудің басқа да тәсілдерін қолданғанымыз жөн. Соның бір түрі осы – фотожинақ. Бұл дүние бәрінен бұрын жас ұрпақтың ұлттың болашағы жолында өлшеусіз іс тындырған арыстарды, тарихымызды танып білуіне өте үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Сонымен қатар бұл жинақы көрген жан тұлғаларымыздың елге, мемлекетке қатысты шешімдерді қандай аласапырында қабылдауға мәжбүр болғанын, ұлт жолында өз өмірлерін де құрбан еткенін анық танып біле алады, - дейді «Нұр Отан» ХДП хатшысы Ерлан Қарин тұсаукесер рәсімінде.


Жинақты құрастырушы Болат Мүрсәлімнің айтуынша альбомға енген суреттер Гүлнар Міржақыпқызы, Дәулет Тынышбаев, Рүстем Бірімжанов, Сырым Бөкейханов сияқты Алаш қайраткерлерінің ұрпақтары мен ғалымдардың жеке қорынан, әдебиет тер мен мұрағатардан алынған.
Шетелдік мұрағаттардан алынған ондаған сурет тұңғыш рет жарияланып отыр. Әр суретке қатысты түсініктеме қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде берілген.


-    Көп суреттердің түпнұсқасын табу мүмкін болмады. Оларды басылымдардан алдық. Алайда, альбомдағы Ресей Думасына депутат болған Алаш арыстарының фотолары тұңғыш рет жарияланып отырған дүниелер, - дейді Б.Мүрсәлім.


Осы орайда, Ерлан Қарин мырза фотоальбомның жарыққа шығуына тікелей демеушілік жасаған «Алтын Қыран» халықаралық қорының президенті Исламбек Салжановқа алғысын жолдады.
-    Ұлттық мәселеге келгенде демеуші табу оңай емес. Шағын ғана ұлттық дүниелерге қараспайтын ірі компанияларымыз халықаралық жобаларға қаржысын аямайды. «Алтын Қыран» секілді демеушілер қадау-қадау ғана, - дейді ол.
Исламбек Салжанов алдағы уақытта қор патриотизмге, ұлттық мүдеге, ана тіліне қатысты жобаларға демеуші болуды жалғастыратынын мәлімдеді.

Қамбар АХМЕТОВ

фото авторы: Заңғар Кәрімхан



 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер