BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Ақжусан Иманғазықызы: «Астана Арқау» фестивалі бауырлас халықтардың мәдениет айдынына айналды

30-ға жуық ұлттық музыка орындаушы Астананы 20 жылдығымен құттықтау үшін ХІ «Астана Арқау» дәстүрлі түркі халықтар музыкасы фестиваліне қатысты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Жыл сайын өткізілетін фестивальге аутентикалық музыканы үздік орындаушылар жиналады, оның ішінде кіші және жойылып бара жатқан түркі халықтарының өкілдері бар. Осылайша түркі музыкалық мәдениетінің бай мұрасын сақтау мен көбейтуге үлес қосады.

Екі күн бойы «Астана Опера» театрының Камералық залында артистер бақсы әндерін, кеңірдекпен айтылатын әндерді орындайды, домбыра, хомус және т.б. ұлттық аспаптарда ойнайды. Биыл фестивальге қазақстандық орындаушылардан басқа, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Әзербайжан, Татарстан, Иран, Украина, Қарақалпақстан елдерінің музыканттары қатысады.

Фестивальдің ашылуы барысында театр фойесінде күнделікті өмірде кездесе бермейтін музыкалық аспаптардың үні естіліп тұрды. Ұлттық киімдер киген артистер сахнаға шығар алдында өз шығармашылығы мен өз елдерінің музыкалық мәдениеті туралы айтып жатты.

Шараға белгілі домбырашы, композитор-күйші Шәміл Әбілтаев та қатысты. Оның шығармашылығы домбыра музыкасын орындаушылардың бірнеше буынының арасындағы көпір іспетті. Биыл күйші өзінің 70 жылдығын тойлады Мерейтойының құрметіне сахнада ақсақалға елорданың атынан сый ретінде шапан жабылды.

Қазақ ұлттық өнер университетінің оқытушысы Ақжусан Иманғазықызы «Астана Арқау» фестивалінің тұрақты қатысушысы. Ол шараның ашылуында Байжігіттің күйін орындады.

«Мен «Астана Арқау» фестивалі алаңында жыл сайын өнер көрсетемін. Мұнда түркі халықтары музыкасының үздік орындаушылары жиналады. Тек көрермендер ғана емес, біз – орындаушылар да бауырлас халықтардың мазмұны жағынан бай, өзіндік музыкасын тыңдау мүмкіндігіне ие боламыз. Біз тәжірибе алмасып, жаңалықтарды естиміз, осылайша, музыкалық мәдениетімізді арттырамыз», – дейді домбырашы.

Хомуста ойнайтын Иванида Бугулова Астанаға Саха Республикасынан (Якутия) келген, ол өзімен бірге ансамблін ала келмегеніне өкінеді.

«Мен Астанаға бірінші рет келіп тұрмын, осындай бірегей фестивальге қатысатыныма қуаныштымын, оның өтетіні туралы құрбымнан білдім. Ол «Астана Аркау» фестиваліне бірнеше рет қатысқан. Мен хомуста және күпсірде ойнаймын – бұл барабан және халық әнін айтамын. Жалпы, біздің ансамбліміз бар, бұл жолы жалғыз келгенім өкінішті. Келесі жолы ансамбльмен толық құрамда келеміз деп ойлаймын», – дейді якутиялық қонақ.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер