BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақтөбелік әншілерге фонограммамен ән айтуға тыйым салынды

Енді ақтөбеліктер әнді жанды дауыста ғана шырқайды. Кез-келген жерде фонограмма қосып, тыңдарманын алдап жүргендер облыс билігінің сынына ілікті. Өңір әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев фонограмма жас таланттардың өнерге деген құлшынысын төмендететінін айтты, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі aktobe телеарнасына сілтеме жасап.

"Фонограмма - сахнада әдемі естілгенімен, кейінгі жас буынның өнерге деген құштарлығына кері әсерін тигізеді", - деді өңір әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев облыстағы мәдениет мәселелерін талқалауға арналған жиын барысында.

Өңірде көркемдік деңгейі төмен ескерткіштер де жетіп артылады. Қадам басқан сайын, ата-бабаларына арнап кесене орнатып, құрмет тақтасын ашатындар көбейіп отыр. Алайда, олардың бәрі бірдей заңды емес.

Бұдан бөлек, жиында мәдени шараларды сапалы өткізу мен кәсіби мамандар даярлау ісі айтылды. Аудан, ауылдарда оркестр, ансамбль құру мәселесі көтерілді. Мәдениет басшысының есебі тыңдалды.

"Көрермендердің мәдениетін көтеру бағытында жұмыстарды жандандырып, кітапхана, музей ісін жаңғырту қолға алынады", - деді мекеме басшысы.

Отырыс соңында облыс әкімінің орынбасары мәдениет өкілдеріне атқарылуы тиіс жұмыстарды тізбектеп берді. Қысқасы, биылға нақты міндеттер қойылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер