BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Аққыз» Түркия мен Италияда

АСТАНА. 8 қазан. BAQ.KZ - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ киностудиясының «Аққыз» көркем фильмі түрік және итальяндық екі халықаралық кинофестивальға қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Аққыз» 5-13 қазан күндері Рим қаласында Asiatica Film Mediale азия киносы фестивалінің аясында өтетін Selection Shorts and Features Film халықаралық байқауына қатысуда.

Римдік кинофестивальдің арнайы қауымдастығы Италия мен Азия арасында ерекше байланыс каналын құру үшін Asiatica идеясын әзірледі. Бағдарламаға  2012 жылдың ең үздік азиялық көркем фильмінің халықаралық байқауы және  2012 жылдың ең үздік азиялық деректі фильмінің халықаралық байқауы енеді.

«Аққыз» сондай-ақ 6-12 қазан күндері аралығында Анталияда өтетін «Алтын апельсин» 49-ыншы Халықаралық кинофестиваліне қатысады.

48th International Antalya Golden Orange Film Festival - Азиядағы ең көні әрі танымал фестиваль және түрік кинематографиясындағы аса маңызды оқиға. Түркияда бұл фестивальді «Ұлттық киностудияның оскары» деп атайды.

Сондай-ақ аталмыш фестиваль барысында Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының туындысы, Дәрежан Өмірбаевтың «Студент» фильмі көрсетілетін болады.

Еске салайық, «Аққыз» картинасы 2011 жылдың қарашасында Таллинде өткен «Қара түн» мерейтойлы XV кинофестивалінің негізгі конкурстық бағдарламасына, одан бұрын Үндістандағы «Osian's-Cinefan» фестиваліне қатысты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер