BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТЕДI

2-4 желтоқсан аралығында Астанадағы “Конгресс-Холл” сарайында ел Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысы өтедi.

Ақындар айтысын өткiзудегi басты мақсат – мәдениетiмiздiң баға жетпес асыл мұрасы ретiнде айтысты халыққа жан-жақты насихаттап, оның дамуына мемлекеттiк деңгейде қолдау көрсету, айтыс өнерiн одан әрi дамытып, сапалық деңгейiн жақсарту, шебер сөз құрау мен жоғары деңгейдегi поэзия арқылы мемлекеттiк тiлдiң арнасын кеңейтiп дамыту әрi насихаттау.
Айтысқа республикалық, халықаралық сайыстардың жеңiмпаздары, үлкен сахнаға ендi шығып жүрген жас дарындар, сонымен қатар Қытай, Моңғолия, Қырғызстан елдерiнiң таңдаулы айтыскерлерi қатысады.
Суырып салма сөз өнерi дүлдiлдерiнiң өнерiне Мырзатай Жолдасбеков, Сәбит Оразбаев, Асанәлi Әшiмов, Фариза Оңғарсынова, Өмiрзақ Сәрсенов, Амангелдi Ермегияев, Несiпбек Айтұлы, Сейiт Қасқабасов, Өмiрзақ Айтбаев секiлдi өнер қайраткерлерi қазылық етедi.
http://www.zhasalash.kz/ruhaniyat/5931.html
 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер