BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақан серінің әнін шырқаған моңғол жігіті

Фото: скриншот

Атажұрттан жырақтағы қандастар жаттың босағасында жүрсе де жалтақтамай, керісінше соларды өз руханиятына, өз болмысына бейімдеп алуға бейіл. Мына видеодағы ҚХР Іле аймағының Моңғолкүре деген жайлауында Ақан серінің «Торыны таң асырып мінген қандай» деген әйгілі әнін шырқап отырған моңғол азаматы соның бір дәлелі іспетті.

Серік Керей есімді фейзбук қолданушысы жариялаған видео әлеуметтік желі қолданушыларын тамсандырды. Тұнық дауыс, нақышты әуен, қазақтан кем айтпайтын әншілік - барлығы үйлесім тапқан секілді. Біздің жалған үнмен айтатын талай әншіден артық екен!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер