BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

7-Қысқы Азия ойындары қарсаңында «Киноазиада» фестивалі басталды

Саңлақ спортшылар жарыс алаңында жан алысып, жан берісіп, ел намысын қорғап жатқанда Азия құрлығының киногерлері деқарап қалмады. 7-Қысқы Азия ойындары қарсаңында «Киноазиада» атты фестивальде бас қосып, өнер бәйгесіне түсті. Үш күнге созылатын шараның ашылу салтанатына Қазақтаннан өзге Үнді, Қытай, Жапон, Корей, Өзбек пен Қырғыз секілді 11 мемлекеттің киномайталманы келді.
Тіпті арасында атағынан ат үркетін Марк Дакакос та бар. Фестиваль бағдарламасы бойынша 15 деректі фильм көрермен назарына ұсынылып отыр. Олардың бір ерекшелігі барлығы спорт тақырыбына түсірілген. Осылайша спорт пен кино өнердің өзара байланысын арттырып, бірлігін насихаттауды мақсат тұттық дейді жоба жетекшілері. Сонымен қатар, «Киноазиада» аясында актер-режиссерлермен кездесулер өткізіліп, шеберлік сыныптары мен түрлі мәслихаттар ұйымдастырылмақ. Сергей Әзімов, «Киноазиада» фестивалінің ұйымдастырушы: 27 мемелекеттен келген қатысушыларға осындай ел бар екенін, осындай халық бар екенін, олардың бай тарихы бар екенін, олардың ата бабалары ер жүрек батыр болғаны екенін, бізге осындай кең жерді аманат етіп калдырып кеткенін, сол арқылы біз осы Азиданы пайдаланып басқа халықтарға Қазақстанымызды танытуымыз керек. Есболат Айдабосын http://kaztrk.kz/kaz/news/news_aziada/7-Kiski_Azija_ojindari_karsaninda_Kinoaziada_festivali_bastaldi.html#go

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер