BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2013 жылдың қыркүйегінен бастап латын әліпбиін енгізу қажет - сенатор

2013 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап елімізде латын әліпбиіне біртіндеп көшу жұмысын бастауымыз қажет. Мұндай депутаттық сауалды бүгін Астанада өткен Парламент Сенатының кеңейтілген отырысында палата депутаты Мұрат Мұхамедов жолдады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Латын әліпбиіне көшу - қарым-қатынас жасауды жеңілдетер еді. Латын әліпбиіне көшудің алғашқы кезеңінде бұған қомақты қаржы жұмсалғанымен, ақпарат қолжетімді бола түседі. Бұл арада, ең бастысы, латын әліпбиіне ағылшын әліпбиі негіз екенін ескергеніміз абзал. Ал ағылшын тілі болса, ол ең ірі халықаралық тіл болып саналады. Сондықтан да, келесі оқу жылында еліміздің барлық орта мектептерінің бірінші сыныптарынан бастап ағылшын тілі міндетті түрде оқытыла бастайды», - деген Сенат депутаты М.Бахтиярұлы латын әліпбиіне көшу бойынша жұмысын шегермеу қажеттігін атап өтті.

Оның айуынша, латын әліпбиіне көшу – бұл тек қана Қазақстанның жеке ісі.

«Құрметті Үкімет басшысы, латын әліпбиіне көшу ісі – тәуелсіз Қазақстанның өз шаруасы... Бұл тұста ұсыныстар да жеткілікті. Ендігі арада бұл мәселені қайтадан қалтаға салып қоймай, қоғамдық пікірді зерттеу қажет. Бұл мәселені шешу жолдары ұзаққа созылып кетеді. Бұған жол бермей, қазіргі уақыттан бастап дайын тұрған ұсыныстарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік комиссия құрып, латын әліпбиіне көшудің арнайы бағдарламасын қабылдау қажет. 2013 жылдың 1-ші қыркүйегінен бастап елімізде кириллица мен латын әліпбиі кемінде бес жылдай өтпелі кезең шеңберінде қатар жүргізілуін жүзеге асыру қажет деп есептеймін», - деп өз ойын түйіндеді Сенат депутаты.

 

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер