BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

13 түрлі дәннен жасалған киіз үй Қазақстанның рекордтар кітабына енді

АСТАНА. 28 мамыр. BAQ.KZ - С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары 13 түрлі дәннен жасаған кіші киіз үй Қазақстанның рекордтар кітабына енді. Бұл туралы "Мегаполис" газетіне сілтеме жасап, KazBIN жазды.

Аталған киіз үйдің диаметрі 55 сантиметрді құрайды. Бұл университеттің құрылғаннан бергі уақытын көрсетеді. Ал үйдің 13 түрлі дәннен жасалуы ол – Астананың жасын білдіреді.

Киіз үйдің «құрылысына» тек дәндер мен солардың туындысы, ал дәндерді жапсыру үшін Ақмола ұнынан жасалған кілегей пайдаланылған. Айта кетейік, киіз үйге пайдаланылған бидайдың үш сортын аталмыш университеттің селекционерлері шығарған. Олар "кенжеғали", "достық" және "бәйтерек" деп аталады. Бидайдан бөлек, күріш, тары, сұлы, арпа, қара бидайда пайдаланылды.

Б.Исаева


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер