BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.87 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 422.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.87
Астана:

Қаллеки театры халықаралық «Золотой Витязь» форумында гран-при алды

Фото: Театрдың баспасөз қызметі

Астана, BAQ.KZ. Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Мәскеуде өткен XVI Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумынан гран-при жүлдесімен оралды.

Мәскеу қаласында өткен XVI Халықаралық «Золотой Витязь» театр форумына ресейлік театрлардан бөлек Армения, Сербия, Қазақстан, т.б. шетелдік театрлар қатысты. Форумның комиссиясы театрлардың қойылымдарын тамашалап, үздік деген спектакльді таңдаған. Үздіктердің қатарына кірген Астана қаласының Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры «Отелло» (Авторы: У.Шекспир, реж.: Т. Теменов, Қазақстанның Халық әртісі) трагедиясымен қатысып, қазылар алқасының шешімімен «Золотой Витязь-2018» мүсіншесінің, яғни гран-при иегері атанды.

Бұл – қазақ театрының жемісі, тәуелсіздікпен құрдас Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының кезекті жеңісі!


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер