Жолдағы төбелесті видеоға түсіріп алған автор көлік нөмірін қате көрсеткен - Оқиға|14 Қаңтар 2013, 19:18
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жолдағы төбелесті видеоға түсіріп алған автор көлік нөмірін қате көрсеткен

Астана. 14 қаңтар. BAQ.KZ - Алматыда бағдаршам қиылысында көлік жүргізушісі мен қартаң әйелге қол көтерген жүргізуші автокөлігінің нөмірі басқа көлікке тиесілі. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек мәлім етті, деп хабарлайды B-news kz.

 

«Ғаламторға бұл видеоны қойған автор астындағы мәтінде көлік нөмірін қате көрсеткен. Бұл нөмір Camry маркалы көлікке тиесілі болып шықты. Бізге алдын-ала берілген ақпараттан бұзақының Ford Focus көлігінде жүргендігі мәлім болып отыр. Бірақ, біз соған қарамастан, қылмыскерді жуық арада табуға күш салып жатырмыз», - деді С.Әзірбек.
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада ғаламторға белгісіз автор жас жігіттің көше қиылысында қарт адамды ұрып жатқаны туралы видео шығарған болатын. Куәлардың мәлімдеуіне қарағанда, Ford Focus автокөлігінің жүргізушісі Әуезов – Шевченко көшелерінің қиылысында жол ортасында көлікте отырған адамға жұдырық жұмсаған. Бұзақы араша түскен қартаң әйелге де соққы жұмсайды.
Куә болған жүргізушілердің ешқайсысы бұзақыны тоқтатуға ниеттенбеген.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер