Жыл басынан бері 350 адам өрттен қаза тапты - Оқиға|13 Желтоқсан 2018, 17:05
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жыл басынан бері 350 адам өрттен қаза тапты

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитеті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының басшысы Жасұлан Ақтаев мәлімдеді.

«Жыл басынан бері Қазақстан аумағында 12 733 өрт болды. Бұл 2017 жылдың осындай кезеңіндегі көрсеткіштен 5 пайызға төмен. Өрттен 350 адам қаза тауып, 341 адам жарақат алды. Жыл сайынғы статистикадан қыс маусымында өрт саны мен өрттен қаза табатындар саны көбейтінін байқауға болады. Бұл – отынның әр түрінде жылыту құралдарын қолдануға, электр желілері мен тағы басқа жүктеменің жоғарылауына байланысты», - деді Ақтаев.

Ол өрт қаупі жаңа жылдық мереке күндері шиеленісе түсетінін атап өтті.

«Ірі сауда орындары мен ойын-сауық орталықтарында өрт болу қаупін алдын алғымыз келеді. Мереке күндері сауда объектілеріне келушілер саны көбейетінін атап өткен жөн және балалардың қатысуымен ойын-сауық іс-шаралары көптеп ұйымдастырылады. Мерекелік безендіруге жанғыш материалдар, электр гирляндалары мен иллюминациялар қолданылады. Мерекелік шыршалар орнатылып, олардың жану қарқындылығы барлық рұқсат етілген мәндерден асады. Кәсіпкерлер маусымдық пайда табу үшін сауда қоймаларын әртүрлі тауарлармен толтырады. Бұл өрт қауіпсіздігін бұзу болып саналады және өрттің шығу қаупін жоғарылатады», - деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, кешегі аптада елдегі сауда нысандарында 6 өрт болған. Алматы қаласы, Алматы облысы, Жамбыл облысы, ШҚО базарлары өртенген. Ақтаев қоғамның резонансын тудырған 25 қарашада Тараз қаласында болған өрттің «Ауыл-Береке» базарына ешқандай қатысы жоқ екенін айта кетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер