Жезқазғанда жүргіншіні шолақ мылтықпен атқан - Оқиға|31 Шілде 2012, 13:06
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жезқазғанда жүргіншіні шолақ мылтықпен атқан

 АСТАНА. 31 шілде. Кеше шамамен сағат таңғы 4-те Жезқазған қаласының орталық ауруханасына өкшесінен қарудан жараланған 22 жасар қала тұрғыны жеткізілді деп хабарлады Қарағанды ІІД-нің баспасөз қызметі.

 Жәбірленуші мәлім еткендей, ол шамамен сағат 03.30-да «Металлург» стадионының жанынан үйіне кетіп бар жатқан. Стадионның жарықсыз жерлерінің бірінде оған 25-26 жастардағы екі ер адам тиіскен. Бұған назар аудармастан кетіп бара жатқан кезінде өзіне шолақ мылтық кезелгенін байқаған. Жігіт қашып үлгеруге тырысқанымен, белгісіз ер адам оның аяғынан атып жіберген.
Күдіктілер оқиға орнынан ізін суытқан.
Қазіргі уақытта жараланған жас жігіт өз мәлімдемесін бірнеше рет өзгертіп, біресе жағажайдан үйіне қайтып бара жатқанын, біресе өзінің қалыңдығымен кездесуге бара жатқанын айтуда.
Қазіргі уақытта полиция бұл факті бойынша жедел ақпаратты анықтады, алайда ол тергеудің мүддесіне орай жарияланбайды. Алдағы уақытта күдіктілерлер қолға түседі.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда осыған ұқсақ оқиға облыс орталығы - Қарағандыда орын алған болатын. Федоров су қоймасының аумағында 24 жастағы жігіт қарудан жараланды. Ол да өз мәлімдемесін бірнеше рет өзгертіп, полиция қызметкерлерін алдамақ болған. Дегенмен полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түстірді. Енді ол жасаған әрекеті үшін қатаң түрде жазаланатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер