Жетімек өзін асырап алған өкіл анасы мен бүлдіршінді өлтірді - Оқиға|06 Қаңтар 2013, 13:49
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жетімек өзін асырап алған өкіл анасы мен бүлдіршінді өлтірді


Астана. 6 қаңтар. Baq.kz-- Батыс Қазақстан облысындағы Зеленов аудандық № 2 соты екі адамды бірдей аяусыздықпен өлтірген жасөспірімді қамауға рұқсат берді. Жасөспірім өзін тәрбиесіне алған өкіл анасы мен оның бүлдіршін қызын өлтіріп тастаған. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат хабарлайды.


«Марқұм ана қылмыскер баланы өткен жылы жазда облыстық балалар үйінен өз қамқорлығына алған болатын. Бірақ отбасылық өмір жасөспірімге аса ұнамаған. Соның нәтижесінде бала мен ана арасында тұрмыстық жанжал жиі болып тұрды. Ақыр соңында жасөспірім анасынан өшін алып, оны қызымен қоса өлтіріп тынды» делінген баспасөз хабарламасында.
Балалы әйелдің ұйықтағанын күтіп түнде жататын бөлмеге жасырынып кірген жасөспірім екеуін де балталап тастаған. Қылмыс жасалған жерден бойтасалап кетіп қалған балғын қылмыскерді келесі күні полиция қызметкерлері қолға түсіріп, кейіннен сот оны қамауға алу туралы үкім шығарды.
Автор: Қанат Мәметқазыұлы

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер