Жел салдарынан келген шығын 2,3 миллион теңгені құрады - Оқиға|13 Қаңтар 2013, 13:44
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жел салдарынан келген шығын 2,3 миллион теңгені құрады

Астана. 13 қаңтар. BAQ.KZ - Алдын ала мәліметтерге сәйкес, Тараздағы 12 қаңтар күні соққан күшті желдің салдарынан келген шығын 2,3 млн. теңгені құрады, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен. 

Жеке тұрғын үйлер, инфрақұрылымдық нысандар, электр және газзбен қамтамасыз ету зардап шекті. Жекеменшік тұрғын үйлерді электр жарығымен қамту және көшені жарықтандыру жүйесіне зақым келді. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жөнінде мәліметтер жоқ.

Күшті жел екпіні 30 м/с-ге жетіп, 15 көппәтерлі тұрғын үй мен 4 жатақхананың шатырын зақымдады, «Бәйтерек» ықшам ауданында көпқабатты үйлердің сыртқы қасбеті жұлынып түсті.

Жамбыл және Тараз электр желілерінің мәліметтері бойынша, жарықтың сөнгені жөнінде 164 арыз келіп түскен, соның 68-і қанағаттандырылды. Электр энергиясын қалпына келтіруде 19 бригада жұмыс істеуде.

«КазТрансГазАймақ» АҚ мәліметтеріне сәйкес, тоғыз газбен қамту нысаны сөндірілген, соның төртеуі қалпына келтірілді, қалған бесеуінде жұмыстар жүргізілуде.

«АвтоТрансСигнал» ЖШС мәліметтерінше, қалада 109 нысанға зақым келген. Сонымен қатар, 30 ағаш құлаған, 39 банер, 6 тартпа, 7 жалау ұшырылған. Қалпына келтіру жұмыстарына 5 бригада құрылды, 6 бірлік арнайы техника бөлінді.

Осы уақытта облыс орталығында әлеуметтік тіршілік қамтамасыз ету нысандары қалыпты режімде жұмыс істеуде. Барлық мемлекеттік мекемелер мен құзыретті органдарда тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінен. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер