Жантүршігерлік жол апатынан Олжас Сүлейменовтың немересі қаза тапты - Оқиға|24 Маусым 2018, 11:10
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жантүршігерлік жол апатынан Олжас Сүлейменовтың немересі қаза тапты

Фото: tengrinews.kz

Жол апатынан қаза тапқан азаматтың туыстары Астанадан куәгерлерді іздейді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

22 мамырда Астанадағы Мәңгілік ел даңғылы мен Керей мен Жәнібек хандар көшесінің қиылысында мотоцикл жүргізушісі қаза тапқан.

Азаматтың аты-жөні анықталды. Ол – белгілі ақын Олжас Сүлейменовтың 26 жастағы немересі Ескендір. Оның туыстары жол апатының куәгерлерін іздейді.

Олар жол апатына қатысты қандай да бір ақпаратқа ие азаматтарды төмендегі телефондар бойынша хабарласуды сұрайды:
+7701-44-44-134, +7701-551-82-22, +7701-981-78-81.

Қазіргі таңда қалалық ІІД-і тіркелген факті бойынша тергеу амалдарын жүргізуде.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер