BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жаңадан салынып жатқан тойхана өртеніп кетті

Фото: Түркістан облысы ТЖД

Түркістан облысында жаңадан салынып жатқан бір қабатты тойхана жанып кетті, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

«2018 жылғы 24 тамызда сағат 13-52 шұғыл кезекшілердің басқару пультіне хабарлама келіп түскен. Хабарламада Сайрам ауданы Арыс ауылдық округі Қожақорған ауылында бір қабатты жаңадан соғылып жатқан «Венера» тойханасында өрт болды, делінген. Көлемі 1152 ш.м. бөлмелері және шатыры жанған. Өрттің салдарынан тойхана шатыры опырылып түскен. Зардап шеккендер жоқ», - делінген құтқару қызметінің хабарламасында.

Өрт сағат 14:35-те ықшамдалып, сағат 15:42-де толық сөндірілген.

Бүгінде өрттің шығу себебі анықталуда.

Оқиға орнында ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі өрт сөндіру бөлімшелерінің 29 адам жеке құрамы, 6 дана техникасы жұмылдырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер