Жаңаарқада 27 жастағы қыз бір әйелдің өміріне қастандық жасаған - Оқиға|08 Қараша 2018, 08:57
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жаңаарқада 27 жастағы қыз бір әйелдің өміріне қастандық жасаған

Фото: Kazgazeta.kz

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының 27 жастағы тұрғыны өзімен бөтелкелес болған 45 жастағы әйелмен сөзге келіспей қалып, оның денесінің бірнеше жеріне пышақ сұққан. Зардап шегуші ауруxанаға жеткізілді. Полицейлер күдіктіні ұстап, қылмыстық іс қозғады.

5 қараша күні бірнеше жерінен пышақ жарақатын алған 1973 жылы туылған әйел адам ауруxанаға жеткізілген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай, адам өлтірмек болған 1991 жылы туылған Қарағанды облысының тұрғынын ұстады. Күдікті жәбірленушімен бірге ішімдік ішіп, отырыстың соңы ұрысқа айналғанын, содан кейін әйелге пышақ жарақатын салғанын мойындады.

«Полицейлер «адам өміріне қастандық жасады» деген күдікпен Жаңаарқа ауданының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ол 45 жастағы әйелдің денесіне пышақ жарақатын салғанын мойындады. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарының біріңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», - дейді Қарағанды облыстық полиция департаментінің баспасөз xатшысы Бақытжан Құдияров.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер