BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.17 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 429.11 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

Жаңа босанған екі ана өлімі: тергеу жүріп жатыр, ал балалары жансақтау бөлімінде

Фото: SPBMED.info

Астанадағы №1 Перинаталды орталық базасында жаңа босанған екі әйелдің өліміне қатысты Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Екі әйелдің көз жұмғанын Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады. Қазір аталған іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Әйелдердің неден көз жұмғаны белгісіз.

«Кеше кезектен тыс штаб өткіздік. Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. Республикалық комиссияның қорытындысы бойынша ұйымдасқан шаралар қабылданатын болады. Гестологияға анализ алған, ол он күннен кейін дайын болады. Сол кезде неден қайтыс болғанын айта аламыз. Тергеу жүріп жатыр. Балалар тірі, олардың жағдайы ауыр қалыпты. Қазір реанимацияда жатыр», - деді Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Сәуле Мукушева.

Ол осы жағдай бойынша комиссия жұмыс істеп жатқанын, әзірше өлім себебі белгісіз екенін атап өтті.

Алғашқы ана өлімі 21 маусымда 5.00-де, екінші өлім 25 маусымда 4.03 тіркелді.

«Бірінші ана өздері босанған, жасы 31-де. Екінші ана жасанды жолмен босанды, 39 жаста. Екеуін де әртүрлі дәрігерлер босандырған», - деді Мукушева.

Айта кетсек, бұл орталықта ана өлімі соңғы рет екі жыл бұрын тіркелген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер