Жамбыл облысында ер адам әйелі мен баласын пышақтап өлтірді - Оқиға|13 Қыркүйек 2018, 09:47
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жамбыл облысында ер адам әйелі мен баласын пышақтап өлтірді

Фото: telegraf.com.ua

Жамбыл облысының тұрғыны туысының көзінше әйелі мен баласын пышақтап тастады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі newtimes.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай кеше таңертең Көктал ауылында болған. Тергеу амалдарының нұсқасы бойынша, бәрі тұрмыстық ұрыс-керістен басталған. Ашуға бой алдырған ер адам өз-өзін қолға ұстай алмай қалған. Ол алдымен 29 жастағы ұлын, одан кейін 52 жастағы әйелін пышақтаған. Зардап шеккендер өз-өздерін қалай қорғағаны әзірге белгісіз. Полиция қызметкерлері болған жағдайдың анық-қанығын ашып айтқан жоқ.

Кейбір дерекке сәйкес, отағасы пышақты отбасы мүшелерінің мойнына сұғып алған. Кейін анықталғандай, ол психиатриялық диспансерде тіркеуде тұрғаны анықталды.

«ҚР ҚК-ның 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр», - дейді Жамбыл облысының ІІД Тергеу басқармасының басшысы Мақсат Ережепов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер