Жамбыл облысының екі ауданы дауылдың салдарынан жарық, жылу және байланыссыз қалды - Оқиға|13 Қаңтар 2013, 00:32
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жамбыл облысының екі ауданы дауылдың салдарынан жарық, жылу және байланыссыз қалды

АСТАНА. 13 қаңтар. BAQ.kz - Сенбі, 12 қаңтарда Жамбыл облысы Жуалы ауданында оңтүстік-батыс желінің екпіні 30 м/с-қа дейін күшейді, деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі. 

«Жуалы ауданы Шақпақата аулындағы электрмен жабдықтау жүйесі істен шықты. Жамбыл облысындағы Талас ауданында электрмен жабдықтау жүйесі сөніп қалды. Осы себепті сағат 07:15-те Қаратау қаласындағы орталық қазандықтың жұмысы тоқтатылды. 08:15-те ұзындығы 60 метр болатын түтін шығаратын бетон құбыр 5-ші (резервтегі) және 6-шы (негізгі) су жылытқыш қазандықтар орналасқан жерге құлады. Қирандылар бар. Қаратау қаласындағы орталық қазандықтың барлық абоненттері жылумен жабдықтаудан ажыратылды», – делінген хабарламада. 
 
Электр қуатының сөнуіне байланысты сумен жабдықтау жүйесінің де жұмысы тоқтатылды. 
 
Жамбыл облысындағы Сарысу ауданының басым бөлігінде электрмен жабдықтау тоқтатылып, боран салдарынан аудандағы тас жолдардағы көлік қозғалысы жабылды. 
 
«ЖЭС» ЖШС істен шыққан желілерді іске қосу бойынша жұмыстар жүргізуде деп хабарлады ведомствода.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер