Фото: cnj.jus.br
Астана, BAQ.KZ тілшісі. «Қазақстан Темір жолы» ұлттық компаниясының Жол және ғимараттар департаменті директоры және «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Павлодар облысы бойынша филиалының басшысы мен оның орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлім етті.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросымен «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ-ның Жол және имараттар дапартаментінің директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ол жалпы қамқорлық жасау үшін Тобыл жол дистанциясының бастығынан пара алды деп күдіктелуде, - деді ол брифингте.
Осы орайда ресми аталған іске қатысты тергеу жалғасып жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ Жанна Бастарова «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ-ның Павлодар облысы бойынша филиалының басшысы мен оның орынбасары пара алды деген күдікке ілінгенін хабарлады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!