Ұлттық парктегі өрт сөндіру жұмыстары әуеден жүргізілуде - Оқиға|23 Тамыз 2012, 15:45
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ұлттық парктегі өрт сөндіру жұмыстары әуеден жүргізілуде

 Алматы. 23 тамыз. BAQ.kz - Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркіндегі өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасуда, деп хабарлайды ТЖМ.

Аймақтық жоспарға сәйкес, оқиға орнына қосымша күш пен техника жұмылдырылуда.  

Қатты жел салдарынан, өртті сөндіру мүмкін болмай тұр. Бұдан бөлек, таудың тік қия беті мен өткен жылғы дауыл салдарынан құлаған ағаштар өрт ошағына өрт сөндіру техникаларынның жетуіне бөгет келтіріп тұр.  

Жалынның таралып кетуін алдын-алу үшін өсімдіктер шабылып, аймақтағы жерлер жыртылуда. 

Өртті әуеден сөндіру жұмыстары су шашу құрылғылары бар тікұшақтар көмегімен жүргізілуде.

 сурет: voxpopuli.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер