Ұйғыр ауданында шекарашылар мен жергілікті тұрғындар арасында төбелес болды - Оқиға|09 Қаңтар 2013, 18:49
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ұйғыр ауданында шекарашылар мен жергілікті тұрғындар арасында төбелес болды

АСТАНА. 9 қаңтар. BAQ.KZ - Жаңа жыл мерекесі қарсаңында 30 желтоқсанда Алматы облысы Ұйғыр ауданы Қалжат ауылында үш шекарашы мен жергілікті үш жігіт арасында төбелес болды. Олардың барлығы да ауруханаға түсті. Бұл туралы Алматы облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Алдын ала тергеу бойынша, кикілжің әу баста «мицубиси» мен «ауди» көліктерінің жүргізушілері арасында орын алған. Сөзге келіп қалған екеуі бір-біріне соққылар жұмсай кеткен. Төбелеске көліктің ішінде отырған жолаушылар да кірісті. Соңында бұл жанжал тек оқиға орнына жеткен жергілікті учаскелік инспектордың келуімен ғана тыншыды. Полицейлердің араласуынан кейін екі жақ жергілікті ішкі істер органдарына тиісті арыз түсірді. Олардың денелерінен травматикалық оқтардан түскен жарақаттар тіркелді. Алайда қару әлі табылған жоқ. Аталмыш бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бүгінгі таңда ауруханада екі жәбірленуші ем алуда.

Фото: alashainasy.kz


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер