Түрмедегілер құбыр бойымен қашпақшы болған - Оқиға|14 Қыркүйек 2012, 10:17
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Түрмедегілер құбыр бойымен қашпақшы болған

ШҚО. 14 қыркүйек. BAQ.kz -   Шығыс Қазақстан облысында түрменің астынан ор қазып қашуға әрекеттенгендер қолға түсті. Оқиға аймақтың Жарма ауданында орналасқан 156/18 түзеу мекемесінде болған, деп хабарлайды Жетінші арна.

Жазасын өтеушілер түрменің аумағына кіретін ескі жылу трассасының бойымен саңылау қазып қашуды жоспарлаған. Қылмыстық атқару жүйесінің мамандары осы құбырдың бойын жасырын түрде қазуға кіріскендердің үстінен түскен. Түрмеден қашуға әрекет жасаған 5 адамға байланысты қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр.

ШҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бөлім бастығы Еркін Қасымовтың айтуынша, сотталғандардың жас шамалары 22-35 жас аралығында.Олар бұрын да сотталған және ауыр қылмыс жасап сотталғандар.

Түрмеден үңгір қазып қашпақ болған сотталған азаматтардың барлығы қазір уақытша тергеу абақтысына қамалды. Олардың бұл әрекетіне қосымша жаза тағайындау мәселесін қызметтік тексеру аяқталған соң сот шешеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер