Түнде Алматыда тағы да атыс болды - Оқиға|01 Тамыз 2012, 11:05
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Түнде Алматыда тағы да атыс болды

Бүгін түнде Алматыда жас жігіттер арасындағы кикілжің төбелеске айналып, атыспен аяқталды. Нәтижесінде екі адам зардап шекті.

today.kz хабарлағандай, оқиға Абай даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында орын алған. Екі топ сөзге келіп қалады. Оның ақыры төбелеске ұласып, атыспен аяқталады. Қақтығысқа қатысушылардың бірі ауыр жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Екіншісі де жарақат алып, «Жедел жәрдем» көлігімен ауруханаға жеткізілді.

Айта кетейік, құқық қорғау органдары атысты бастаған адамды анықтады. Полиция мәліметтері бойынша, ол «Лексус» көлігімен жасырынып үлгеріпті. Кикілжіңнің себептері қазіргі таңда анықталып жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер