Тоқберген Әбиев Елбасымен кездесу үшін барлығын қолдан ұйымдастырған - Оқиға|04 Қаңтар 2013, 16:24
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Тоқберген Әбиев Елбасымен кездесу үшін барлығын қолдан ұйымдастырған

Астана. 04 қаңтар. BAQ.KZ. Жақында із-түссіз жоғалып кеткен журналист Тоқберген Әбиевтің әрекеті қолдан жасалған болып шықты. Алайда, Т.Әбиев өзінің бұл жолға басқа мақсаттармен барғандығын abiyev.kz ақпараттық-құқықтық сайтында айтыпты.  

«Мен біріншіден, Елбасы қазақстандықтардың мәселесіне назар аударсын дедім. Менің ойымша, елде болып жатқан әртүрлі келеңсіздіктер Президенттің құлағына жете бермейді. Сондықтан, мен осы әрекетім арқылы Елбасымен тікелей кездесіп, барын ашып айтқым келді. Сондай-ақ, өзімнің ұсыныстарым мен көзқарастарыммен бөліскім келді. Мен еліміздегі барлық жемқорларды жақсы білемін және олармен күресудің қандай әдістері керектігін айтқым келді» дейді.
«Мен Жаңа жыл қарсаңында жемқорларға қарсы шығып, олардың мерекелік көңіл-күйін бұзғым келді. Өйткені, менің жоғалуымнан кейін құзырлы органдар мені іздейтінін де жақсы білдім» деп отыр. Өзінің айтуынша, оны тез тауып алады деген ой болмаған. Жоқ дегенде бір ай елден жасырынып, жыл бойы көтеріп жүрген мәселесін пысықтап аламын деп ойлаған.
Кеше ғана өзін қара тізімге кіргізген "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қорына да пікірін білдірді.
«Шынымды айтсам, олардың не үшін мұндай шешімге келгендігі мені уайымға салмайды. "Әділ сөз" қорының бір журналист үшін араша түсіп жатқандығын көрген жоқпын» деді.

Сондай-ақ, Тоқберген Әбиев баспасөз-мәжілісінде Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевқа қаратып та «жылы» лебізін білдірді.
«Олар менің табылғаныма қуана қойған жоқ. Матаевтың өзіне де айттым, «Сіздер менің өлі денемді көргілеріңіз келді ме? Менен халық қаһарманын шығарғыларыңыз келді ме?» деп. Өзімнің пікірім бойынша, менің әрекетімнің бәрі дұрыс» дейді Тоқберген Әбиев.

 


 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер