Теміртауда баланы тұншықтырған тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты - Оқиға|15 Қараша 2018, 19:46
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Теміртауда баланы тұншықтырған тәрбиешіге қатысты сот үкімі шықты

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Теміртаудағы «Домик» жекеменшік балалар бақшасының тәрбиешісі жылаған баланы көрпемен тұншықтырып, тыныштандырмақ болған. Жантүршігерлік істің видеосы әлеуметтік желіде тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырған еді. Тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, шулы істің соңғы нүктесін сот үкімі қойды.

Баланы ұйықтатпақ болып үстінен көрпемен басып тұншықтырған теміртаулық Үміт Пірмеханована қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық Кодексінің 140 бабы, 2 тармағына сай жүргізілген болатын. Сот 50 жастағы әйелді кінәлі деп тапты. Тәрбиеші 120 сағат қоғамдық жұмыстар жасайтын болды. Сондай-ақ, Үміт Пірмехановаға үш жыл бойы кәмелет жасқа толмаған балалармен жұмыс жасауға тыйым салынды. Зардап шегуші тараптың арызы қанағаттандырылып, айыпталушы өтемақы төлейтін болды.

Сотта балабақша тәрбиешісі кінәсін мойындап, зардап шегуші жақтан кешірім сұрады. Жәбірленуші тараптың талап еткен өтемақысы он есеге қысқартылып, сот тәрбиешіден 200 мың теңге өндіру туралы қаулы шығарды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер