Теміртауда сырттай бақылау камералары жаппай төбелесті түсіріп алған (ВИДЕО) - Оқиға|14 Қаңтар 2013, 17:00
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Теміртауда сырттай бақылау камералары жаппай төбелесті түсіріп алған (ВИДЕО)

Астана. 14 қаңтар. Baq.kz Қарағанды облысы Теміртау қаласында әр жерде орнатылған сыртай бақылау камералары күн сайын ондаған қызықты оқиғаларды түсіріп алады. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне «Паутина-9» ЖШС техникалық директоры Вадим Шарапов мәлім етті. 

Мәселен, сондай камералардың бірі 27 желтоқсанда Металлургтер даңғылында орын алған жаппай төбелесті түсіріп алған.Онда екі жігітті жирмаға тарта адам аяусыз сабап жатқанын анық көруге болады. Есінен тандырғанша соққыға жыққан бір топ жігіт оқиға орнынан қашып кетпек болады. Алайда, осы «Паутина-9» фирмасының операторлары дереу полицияға хабарласып, соның арқасында барлық бұзақы қолға түсті.

В.Шараповтың айтуынша, үш жылдан бері қалада жұмыс істеп тұрған сыртай бақылау камералары өздерінің тиімділігін көрсетті. Тағы бір оқиға, осы фирманың аппараттарына түсіп қалған видеодан үш азаматтың әкімшілік алдында тұрған фонарьді сындырып жатқанын көруге болады. Бұзақылар жасарын жасап алып, оқиға орнынан қашуға да асықпайды. Есесіне, жасаған қылықтарын суретке түсіріп, омбы қарға секіре жөнеледі. Осылайша көңіл көтеріп жүрген кезде оларды полиция қызметкерлері ұстап әкетті. Оқиғаның үш кейіпкері де мемлекеттік мүлікке нұсқан келтіргені үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Сондай-ақ сырттағы камералардың бірі белгілі бір нысанда жөндеу жұмысын жүргізіп жатқан жүк көлігі декоративтік фонарьді қағып кеткенін түсіріп алды. Енді жөндеу жұмыстарын жүргізген фирма мемлекет мүлкіне келтірілген зиянды өтеулері тиіс. Қала көшелеріне камералар орнатылғаннан кейін теміртаулықтардың өздері де көше біршама тынышталғанын аңғара бастаған. Сондай-ақ камераға жазылған видеоны қандайда бір қылмыстық іске байланысты сот барысында айғақ ретінде пайдалануға болады және полицейлердің де жұмысын біршама жеңілдетті. Қазіргі таңда Теміртауда осындай сырттан бақылайтын 94 камера бар, олар қаланың тағы 6 камерамен толықтыру жоспарланып отыр.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер